Фото: Ашық дереккөз
Қайғылы оқиға «Build Invest» компаниясы салып жатқан тұрғын үй кешенінде болған. Лифт құлап, жұмысшы көз жұмған.
«Қарағандыда салынып жатқан тұрғын үй кешені нысандарының бірінде болған оқиға бойынша тау-кен жұмыстарын немесе құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін бұзу, абайсызда адам өліміне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққан оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта бірқатар сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады Қарағанды облысының Полиция департаменті.
Сонымен қатар тағы бір адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілген.
«Бір науқас ауыр халде профессор Х.Мақажанов атындағы ауруханаға жатқызылды», деп хабарлады денсаулық сақтау басқармасы.