Фото: Алматы қапасы әкімдігі
Биыл ұзындығы 305 метр учаске қайта жаңартылған. 1986 жылы пайдалануға берілген құбыр ауыстырылып, қазіргі уақытта 5 көпқабатты тұрғын үй мен 4 басқа нысанды жылу және ыстық сумен қамтамасыз етіп тұр.
Алматы әкімдігінің мәліметінше, биыл қала әкімі Ерболат Досаевтың тапсырмасымен 20 км жылу жүйесіне жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жыл сайын жылыту маусымына дейінгі кезеңде жүргізілетін аталған жұмыстар – биыл Алматының 6 ауданында жүргізілген. Ал сол учаскелердегі абаттандыру жұмыстары ауа райына байланысты кезең-кезеңімен жүзеге асырылады.