ПЕТРОПАВЛ. 29 қаңтар. Тұрғындар алдындағы есептік кездесуде қала әкімі Марат Тасмағанбетов Жеңістің 70 жылдығына орай соғыс ардагерлері мен мүгедектерінің әрқайсысына берілетін сыйақы мөлшерінің ұлғайтылып, 190 мың теңге болатынын жеткізді. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.
«Отан үшін от кешіп, қардай бораған оқтың астында жүрген майдангерлердің қатары сиреп келеді. Облыс орталығында 162 соғыс ардагері мен 6 мыңнан астам тыл еңбеккері тұрады. Олардың бірде-біреуі қамқорлықтан шет қалмайды. Басқа да көмектер ұйымдастырылады», деді өз сөзінде Марат Иманбайұлы.
Бүгінде Ұлы Жеңістің 70 жылдығына арналған шаралар тыңғылықты жүргізілуде. Соның бір мысалына Жеңіс саябағын қалпына келтіру жұмысын айтуға болады.
Қалалық мәслихат депутаттарының шешімімен жергілікті бюджеттен бөлінетін бір реттік төлемдер көлемі ұлғайтылды. Ол соғыс мүгедектері мен қатысушылары үшін 100 айлық есептік көрсеткішті құраса, тыл еңбеккерлері үшін 25 айлық есептік көрсеткішке дейін көбейтіліп отыр. Сондай-ақ, шипажайларда емделу, тіс протездеу мақсаттарына 214 млн. теңге қарастырылды.
Өмір Есқали.
Дерек: Петропавл қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі.
Сурет: ortcom.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше