Фото: United world wrestling
72 келіде Қазақстан намысын қорғаған Жәмилә Бақбергенова финалда жапониялық балуанға есе жіберді. Қорытынды есеп 8:6 ұпаймен жеңіс Ами Исиидің еншісіне жазылды.
Осылайша әйелдер ұлттық құрамасының көшбасшысы Жәмилә спорттық мансабында үшінші рет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды. Сондай-ақ оның қоржынында әлем біріншілігінің «қола» медалі де бар.
Жәмила Бақбергенова қазақ қыздары арасынан әлем чемпионаттарында 4 мәрте жүлде алған алғашқы балуан екенін айта кету керек.
Ол финалға дейінгі 1/8 бәсекесінде Эмилия Кречун 10:0 есебімен тізе бүктірсе, 1/4 финалда Адель Ганзличковадан (Еуропа чемпионатының қола жүлдегері) 6:3 ұпай санымен басым түсті. Жартылай финалдық белдесуде Болортуяа Зоригтті (Азия чемпионы) 8:6 есебімен жолда қалдырды.