Медицина • 31 Қазан, 2024

28 жас дәрігер шалғай аудандарда қызмет етеді

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл 28 жас маман Шығыс Қазақстан облысының шалғай аудандарының медициналық құрамын толықтырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

28 жас дәрігер шалғай аудандарда қызмет етеді

Фото: pixabay.com

«Жас мамандардың келуімен біздің аурухана медициналық қызметтердің сапасын жақсартып қана қоймай, диагностика мен емдеуде, сервис бөлігінде инновациялар енгізіп жатыр. Өз жерлестеріне қызмет ету жолын таңдаған жастар - біздің медициналық болашағымыздың негізі», деді Тарбағатай ауруханасының бас дәрігері Елжан Манарбеков.

Шалғай аудандарда жұмыс істейтін жас дәрігерлерге мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Мамандарды ыңғайлы бейімдеу үшін әлеуметтік жеңілдіктер, көтерме төлемдер және тұрғын үй көзделгенін айта кету керек.