АТЫРАУ. 29 қаңтар. Атырау облысында ішкі істер органдарына тіркелмей, көші-қон заңдылығын бұзған Қытай азаматтары ел аумағынан шығарылатын болды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бұған дейін Атырауда қалалық ішкі істер басқармасы мен прокуроратураның бірлескен рейді кезінде Қытай азаматтарының ұсталғанын хабарлаған едік. Белгілі болғанындай, қытайлық 38 адам Қазақстанға «іскерлік» визасымен «ВСП» серіктестігіне кеңес беру қызметін көрсету үшін келіпті. Алайда, Атырауға келгеннен кейін шетелдіктер белгіленген заңға сәйкес ішкі істер органына уақытша тіркеуге тұрмаған. Сөйтіп, Қазақстан Республикасына келу заңдылығын бұзған Қытай азаматтарына қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданған болатын.
«Сотта Қытай Халық Республикасының 38 азаматы өздерінің кінәларын толықтай мойындады. Енді олар мамандандырылған әкімшілік соттың қаулысына сәйкес 5 тәуліктің ішінде Қазақстан Республикасының аумағынан шығып кетулері тиіс» деп мәлімдеді Атырау облыстық сотының баспасөз хатшысы Боранбай Ғалиев.
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сурет: alashainasy.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше