29 Қаңтар, 2015

Оңтүстік Қазақстанда тура мектепте оқушы өлтірілді

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29-01-15-shardara-1

АСТАНА. 29 қаңтар. Қаңтардың 28-і күні Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданындағы мектептердің бірінде қайғылы оқиға орын алды. Бұл туралы Times.kz агенттігі хабарлады. Мектеп оқушысының өлімі тура оқу орны ғимаратының ішінде орын алған. Сағат 11 шамасында үшінші қабатта 10-сынып оқушысы 9-сыныпта оқитын баламен ұстасып қалады. Бұлардың соңғысы мектепке өзімен бірге пышақ ала келген екен. Ол төбелес кезінде соны қалтасынан шығарып, қарсыласына бірнеше соққы береді. «Оныншы сынып оқушысы алған жарақатынан қайтыс болды, тоғызыншы сынып оқушысын полиция алып кетті», - деп жазады басылым. Қазір болған оқиғаның барлық себеп-салдарлары тексеріліп жатыр. Оңтүстік Қазақстан облысында мектеп оқушысын өлтірудің қайғылы жағдайы 2014 жылғы қараша айында орын алған еді. Сол жолы Сарыағаш ауданындағы Жібек жолы ауылында төбелес кезінде ішіне мылтықтың оғы тиген жасөспірім жантәсілім еткен болатын. Кейінірек кінәлілер ұсталып, қамауға алынды. Құрыш Нұрымбет. Дерек, сурет: Times.kz.