АСТАНА. 29 сәуір. Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттілігін доғаруына байланысты «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Жарлық
Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабының 1-тармағына, «Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 4-бабына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Қазақстан Республикасы Үкіметінің өкілеттігін доғаруына байланысты
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
- Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.
- Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2015 жылғы 29 сәуір
№ 1
Қазақстан Республикасы Конституциясының 70-бабы, 1-тармағына сәйкес Үкімет жаңадан сайланған Қазақстан Республикасы Президентінің алдында өз өкілеттігін доғарады. Конституция талаптарына сай Президент Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялардың фракцияларымен кеңескеннен кейін, Премьер-Министрдің кандидатурасын Мәжіліс қарауына ұсынады.
Жаңа кандидатураны Мәжіліс мақұлдаса, Президент оны қызметке тағайындайды. Тағайындалған үкімет басшысы 10 күн мерзім ішінде Президентке жаңа Үкіметтің құрылымы мен құрамын ұсынуы тиіс.
Дерек: akorda.kz.
Сурет: egemen.kz.