Таным • 01 Қараша, 2024

Ғалам ғажаптары: Гиннеске енген «Балбырауын»

45 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада бір мезетте үш мыңнан аса домбырашы «Балбырауын» күйін орындады. Өнер әлеміндегі осы­нау ерекше оқиға еліміздің Гин­несс рекордтар кітабына енді.

Ғалам ғажаптары: Гиннеске енген «Балбырауын»

«Qazaqstan» жеңіл атлетикалық спорт кешенінде домбыра үйірмесіне қатысушылар Құрманғазы Сағыр­бай­ұлының шоқтығы биік «Балбырауын» күйін бір мезгілде күмбірлетті. Бұл жар­қын сәтті арнайы мамандар бақылап отырды. Балалардың санын 8 сарапшы, ал күйдің орындалу сапасын 4 сарапшы қадағалады. Айта кетейік, күй мерекесіне мәдениет қайраткері Шолпан Қорғанбек дирижерлік етті.

 

Би үйрететін ЖИ

пр

Жапония жасанды интеллект арқылы ұлттық биді насихаттауға кірісті. Бұл құрылғы ежелден келе жатқан дәстүрлі өнерді дәріптеп, жас ұрпақтың мәдениетке деген қызығушылығын арттырады.

Тың технология биге ықыласы бар жанның әрбір қимыл-қозғалысын камераға жазып алып, талдайды. Содан соң алынған мәліметтерді қорытып, адамның икеміне сай сабақтарды экранға шығарады. Соны қайталап отырсаңыз жеткілікті. «Компьютерлік графика жасаған нұсқаулық дұрыс бағыт көрсетіп, биді тез меңгеруге септігін тигізеді. Қазіргі таңда жаңа технология Токионың спорт мектептерінде қолданысқа енгізіліп жатыр», деді «Fujitsu» компаниясының бөлім басшысы Хиденори Фудзивара.

 

Пластик кірпіш

па

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мәліметіне сүйенсек, қазір пластик қал­дық­тардың көлемі 20 жыл бұрынғы көр­сеткіштен екі есе көп. Алайда соның 9 пайызы ғана қайта өң­деледі.

Осы мәселеге айрықша көңіл бөлген қытайлық өнертапқыштар құрылыста қолдануға болатын бірегей кірпіш жасап шықты. Ол жүз пайыз қайта өңделген пластикалық қалдықтардан жасалған. Мамандардың айтуынша, жаңа өнім жоғары беріктігімен, жеңілдігімен және ұзақ қызмет ету қасиетімен ерекше. Өнертабыс көпшілік назарына Гуанчжоу қаласында өткен жыл сайынғы Кантон жәрмеңкесінде ұсынылды.