Фото: gov.kz
Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли әлеуметтік желідегі парақшасында мәлім етті.
Бұған дейін Саран қаласындағы үйлерге уақытылы жылу берілмегенін айтып, тұрғындар шағымданған еді.
Сол кезде қала әкімі Еркін Баулықов Instagram-дағы парақшасында қазандық енді ғана іске қосылғанын, жылу кезең-кезеңмен берілетінін айтқан болатын.
Жаңа қазандықтың жұмысын үйлестіре алмай, жылыту маусымына дайындықты тиісті деңгейде бақыламаған Қарағанды облысының әкіміне бүгін мемлекет басшысы сөгіс берді.
Ермағанбет Бөлекбаев 2022 жылғы 8 желтоқсаннан бастап Қарағанды облысының әкімі болып тағайындалған болатын.