29 Қаңтар, 2015

Қостанай облысында жол бойынан кемпинг ашылды

510 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
13[1]ҚОСТАНАЙ. 29 қаңтар. Қостанайдың Ресеймен шегарадағы Қарабалық кентінде кемпинг ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» жолдауында «Қазірде қайнаған тіршілік күре жолдардың бойында. Жол — шын мәнінде өмірдің өзегі, бақуатты тірліктің қайнар көзі. Барлық аймақтар темір жолмен, тас жолмен, әуе жолымен өз ара тығыз байланысуы керек» дей келіп, «көлік-логистикалық инфрақұрылымдарды дамытуды» алдымен тапсырған болатын. Ресейге шығатын ірі даңғыл «Алматы-Екатеринбург» тас жолының бойындағы Қарабалық кентінен шыға берісте, Қайрақ кеденіне, яғни шекараға жақын тұстан кемпинг ашылды. Оны Қарабалық ауданындағы кәсіпкер Марат Айтқазин жыл тәулігіне толмас уақытта ел игілігіне тапсырды. Марат Нұрғалиұлы бұл жобаға қазірдің өзінде 100 миллион теңге инвестиция салды, оны тағы кеңейтуді жоспарлап отыр. Кәсіпкер Марат Айтқазин: «Бұрын Қазақстан жолдарының бойында кемпинг болды ма, жоқ әлде біз бірінші салып отырмыз ба, ол жағы маған беймәлімдеу. Білетінім, «Алматы-Екатеринбург» тас жолы бойындағы ең ірі кемпинг осы екеніне сендіргім келеді» деді. Кемпингтің ішінде «бөрі азығы жолда, ер азығы жолда» дейтін жолаушы үшін барлығы да қарастырылған. Онда жолаушылар мен жүргізушілерге арналған отыз орындық  өте қолайлы қонақ үй, асхана, бес жуынатын бөлме бар. Кемпингте жолаушы тек жуынып ғана қоймай, кірін жуып, үтіктеп алуына да жағдай қарастырылған. Тіпті, темекі шегетін бөлмеге дейін бар. Кәсіпкер кемпингте алдағы жазда үш түрлі монша, жылы машина қоятын, жөндейтін орындар болатынын да айтып отыр. Кемпинг жақында ғана тапсырылды, соның өзінде қазір күн сайын оншақты жүк таситын автопойыздар тоқтайды. Жол соғып келе жатқан жолаушылар мен жүргізушілер ыстық тамақ ішіп, жуынып-шайынып, ұйықтап, демалып аттанып жатыр. Кәсіпкер Марат Айтқазин: «Жиырма жыл бойы бос тұрған сүт зауытының ғимараты тозып бара жатқан соң, обалсынып сатып алғанмын. Бірақ алуын алдым да, одан не істерімді білмей ойланып жүріп, қонақ үй жасайын деп шетінен жұмысты бастаған едім. Елбасы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың өткен жылы Қазақстан халқына жолдаған екі Жолдауында да көлік-логистикалық мәселелер тамаша айтылды. Бұл біздің жұмысымызға түрткі болып, ынталандыра түсті, тез бітіруге асықтық», деді. Кемпингтің салтанатты ашылуында Қарабалық ауданының әкімі Алмас Ысмағұлов бұл күрделі логистикалық құрылыс тек аудан ғана емес, республика экономикасы үшін қосары көп жоба екенін айтты. Нәзира Жәрімбетова. Дерек: egemen.kz. Cурет: ainanews.kz. 12[1] 16[1]
Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28

21 шетелдік байқаушы аккредиттелді

Референдум • Бүгін, 08:17

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15