Аймақтар • 01 Қараша, 2024

Ақтауда есірткі заттарын жарнамалағандар ұсталды

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысы прокуратурасының үйлестіруімен полиция қызметкерлерімен қоғамдық орындарға есірткіні заңсыз жарнамалау фактілерінің алдын алу мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтауда есірткі заттарын жарнамалағандар ұсталды

Фото: Halyq Uni

Облыстық прокуратураның хабарлауынша, бірлескен жұмыстар нәтижесінде синтетикалық есірткілерді заңсыз жарнамалау фактісінің жолы кесіліп, Ақтау қаласының үш тұрғынынан тұратын топ ұсталған.

«Ұсталғандардан «МЕФ, СК, DUNE24CC, VPN» жазулары бар трафарет, фломастер, балта, бита, 20-дана сырлауға арналған баллончиктер, 83 дана жарнама парақшалары, QR-код жазылған буклеттер және т.б. заттар, сондай-ақ есірткі заттары тәркіленіп алынды», делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігімен және  ҚК-нің 299-1-бабының 2-бөлігінің 1, 2) тармақтарымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталғаны хабарланды.

Күдіктілер тергеу сотының санкциясымен қамауға алынған.