Қоғам • 01 Қараша, 2024

Әр балаға 70 мың беріле ме: Министр жауап берді

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осы орайда Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әр балаға 70 мың беріле ме: Министр жауап берді

Фото: azattyq-ruhy.kz

Министрдің айтуынша мұның барлығы бюджеттің мүмкіндігіне байланысты.

«Бізде әлеуметтік пакеттер бойынша өзгертулер күтіп тұр. Ол бюджеттің шығын қаражатын қажет етеді. Біз оған бизнес-процестердің трансформациялануы, цифрлануы, мемлекеттік артық қызметтерді қысқарту  арқылы келе жатырмыз. Содан кейін балаларға шартсыз төлем жасауға келеміз. Қазір бұл шешімді қабылдасақ, салық төлеушілерге ауыр болады», дейді Светлана Жақыпова.

Министр атағандай, бүгінде әлеуметтік бюджет 6 трлн теңге, ол бюджеттің 38 пайызын құрайды. Ал, елімізде 5 млн бала бар, төлем жасауға 3 трлн теңге керек болады.

«Бізде ондай мүмкіндік бар ма? Бұл салықты 10 пайыз емес, 20 пайызға өсіру керек деген сөз. Біз оған дайынбыз ба? Қазір жергілікті деңгейде бағдарламалар көп. Бюджет бойынша аудит өткізгенде жәрдемақылардың 144 түрі бар екенін анықтадық», дейді министр.

Azattyq-ruhy.kz-тің ақпаратына сәйкес бүгін Мәжіліс депутаты Гаухар Танашева жалпы отырыста әр балаға 70 мың теңге көлемінде мемлекеттік жәрдемақы тағайындауды ұсынған.