KBF
1bol.kz жазғандай, әлем біріншілігін жаңа құрылған World Boxing ұйымы алғаш рет ұйымдастырды.
Чемпионат финалы бүгін өтіп жатыр. Қазақстаннан барған төрт боксшының екеуі ақтық сынға шықты.
«Райымбеков финалда Уэльс боксшысы Томас Питт Дэниелмен кездесіп, 0:5 есебімен жеңіліп қалды. Осылайша ол World Boxing ұйымдастырған ең бірінші чемпионатта Қазақстан қоржынына алғашқы медальды салған боксшы атанып отыр», делінген хабарламада.
Айта кетейік, 65 келіде өнер көрсететін Асылхан Көшербай рингке ертең шығады. Оның қарсыласы – Аустралия боксшысы Купер Макконел.