АТЫРАУ. 29 сәуір. Атырау жастары Елбасын ұлықтау рәсіміне флешмобпен қолдау білдірді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Атырауға ықыласы ерекше. Өз кезегінде мұнайлы өңір тұрғындары да мемлекеттің саясатына ұдайы қолдау білдіріп келеді. Оны өткен жексенбідегі Президент сайлауында тағы бір рет дәлелдеп, азаматтық белсенділік танытты. Ал бүгін жас буын өкілдері Елбасы саясатына флешмоб өткізу арқылы қолдау білдірді. Бейбарыс сұлтан алаңына жиналған жастар патриоттық әндер сазына биледі. Тәуелсіз елдің көк байрағын бейнеледі.
«Біз, жас буын өкілдері Елбасы саясатының жемісін көріп келеміз. Еліміз тыныш, экономикамыз өркен жайды. Алаңсыз білім алдық. Жұмысымыз бар, жалақымызды тұрақты алып тұрамыз. Келешекке сеніміміз мол, туған Отанымыз – Қазақстан бәрінен қымбат. Отаныңа, туған жерге жетер жетер ел де, жер де жоқ. Оны ешбір елмен айырбастағым келмейді. Әлем елдері біздегі тұрақтылық пен бірлікке, экономикалық өркендеу мен жаңғыруға қызығып та, қызғанып қарайды. Мұның бәріне Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі арқылы қол жеткіздік. Елбасы – біздегі тұрақтылық пен дамудың кепілі. Сол себептен, біз Елбасымызды әрдайым қолдаймыз» – дейді қазақшаны еркін меңгерген белсенді жастың бірі Светлана Любина (суретте).
Жолдасбек Шөпеғұл.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: Рахым Қойлыбаев.