Әлем • 04 Қараша, 2024

Ыстықкөлде жер сілкінісі тіркелді

109 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

4 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 05:31-де Қырғызстанның Қытаймен шекарасында шамамен 4 балдық жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ыстықкөлде жер сілкінісі тіркелді

Фото: Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институты

Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясының сейсмология институтының алдын ала мәліметі бойынша, жер сілкінісінің ошағы Қытайда (Как Шаал Тоо жотасы), Бедел ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 20 км, оңтүстік-шығысқа қарай 70 км, Құмтөр кеніші, Қаракөлден оңтүстік-шығысқа қарай 125 км жерде орналасқан.

Бедел ауылында жер сілкінісінің күші 2,5 балды құраған.

Айта кетейік, бұған дейін, қазан айында Қырғызстанда 4,6 балдық, Ташкент маңында 3,6 балдық жер сілкінісі болған еді.