29 Сәуір, 2015

Чернобыль АЭС аумағындағы қалың орман өртке оранды

351 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
29.04.2015-Pojar 02АЛМАТЫ. 29 сәуір. Украинаның Чернобыль атом электр стансасы аумағындағы қалың орманды өрт шалды. Greenpeace қозғалысы белсенділерінің мәліметіне қарағанда, қазірдің өзінде 10 мың гектар алқап от құшағында қалған. Бұл туралы lenta.ru хабарлады. Тілсіз жау 1986 жылғы атом апатынан кейін салынған радиоктивті қалдықтар сақталған тыйым салынған жерлердегі қоймаларға жақындап келеді. Атмосфераға радиоактивті элементтер шығуы қаупі төнді. Гидрометеорологиялық орталықтардың шұғыл таратқан хабарында, түтін таяу күндері Минск мен Киевке жетуі мүмкін делінген. Өртті қолдан тұтандырған деген болжам басым, бейқамдық салдары деген де дерек жоқ емес. Украина премьер-министрі Андрей Яценюк: «Елімізде соңғы 22 жылда мұндай көлемде өрт болмаған», – деді. Өртті өшіруге барлық күш жұмылдырылуда. Талғат Сүйінбай. Дерек: lenta.ru. Сурет: AFP. 29.04.2015-Pojar 01