«Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы Жеңістің 70 жылдығына орай тарихи-танымдық деректі фильмдер топтамасын ұсынады.
Әлем тарихындағы ең сұрапыл соғысқа 1 миллион 200 мың қазақстандық қатысып, оның 600 мыңнан астамы қаза тапқанын, майданды қарумен, киіммен, азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмысына балалардан қарттарға дейін қатысқанын ескергенде, бұл – Қазақстан үшін ұмытуға болмайтын тақырып.
Сол ересен ерлік пен тынымсыз еңбек шежіресі «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясының тапсырысы бойынша «MG production» компаниясы түсірген «Елдің ерлігі» атты 7 бөлімнен тұратын толықметражды деректі фильмге арқау болды. Ол туған ел үшін жанын пида еткен қаһармандардың, тығырықтан жол тапқан командирлердің, Жеңістің жақындауына үлес қосқан еңбеккерлердің тағдырына арналған. Майдан мен тыл оқиғалары бойынша түсірілген көріністер барынша шынайылығымен ерекшеленеді. Деректі фильмдер желісі 2 ақпаннан бастап 20.00-де «Қазақстан» ұлттық телеарнасының эфиріне шығады.
Сондай-ақ, Жеңістің 70 жылдығына орай 70 қысқаметражды деректі фильм әзірленуде. Онда көзі тірі майдан және тыл ардагерлерінің естеліктерімен қатар Ресей, Украина, Беларусь мұрағаттарынан табылған қазақстандықтарға қатысты құжаттар, сол елдердің мұрағат қорынан алынып, бұған дейін телеарналардан берілмеген кинокөріністер бар. Атаққа ұсынылғанымен, тиісті марапаттарын ала алмаған белгісіз батырлар, хабарсыз кеткен солдаттар, соғыс жылдарында суыт көшірілген зауыт-фабрикалар, тыл еңбеккерлерінің елеусіз қалған ерекше әрекеттері, Қазақстанға еріксіз қоныс аударғандардың ауыр тағдыры кеңінен қамтылған.
Бұдан басқа Ұлттық арна эфирі мен «Қазақ радиосы» арқылы майданнан жолданған хаттар оқылып, ол туралы ақпарат Корпорация порталына шығады.
«Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы «Қазақстан» Ұлттық телеарнасын, «Балапан» және «КAZsport» арналарын, Қазақ радиосын, «Шалқар», «Астана», «Classic» радиолары мен аймақтық телерадиокомпанияларды біріктіреді. Корпорацияның ресми порталы www.kaztrk.kz. Корпорацияның әлеуметтік желілердегі парақшалары: facebook.com/Kaztrk.kz, twitter.com/kaztrk_kz, youtube.com/user/NTKKazakhstan
«Егемен-ақпарат».

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше