Мектеп • 06 Қараша, 2024

Ізашар жайлы мектеп

74 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Өңірде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған бірінші мектеп пайдалануға берілді. Қостанай ауданының Заречный кентінде бой көтерген заманауи мектепте 900 бала мемлекеттік тілде білім алады.

Ізашар жайлы мектеп

Мектептің ашылу рәсі­міне облыс, аудан басшылары, сала ардагерлері, ауыл тұрғындары, жаңа мектепке қабылдан­ған балалар, ұстаздар қатысты. Сал­та­­натты жиында бір жыл­дың ішін­де салынып, ел игілігіне бе­ріліп отырған жаңа мектептің құры­­лысына 5 млрд теңге қар­жы жұ­­­м­салғаны, мұнда баланың ­сапа­­лы білім алуына қажет бар­лық жағ­дай қарастырылғаны айтыл­ды.

Салтанатты іс-шарада сөз ал­ған облыс әкімінің орынбасары Ринат Мұхаметқали көпшілікті құт­­­­­тық­тай келіп, өңірде «Жайлы мек­­­теп» ұлттық жобасы аясында та­ғы алты мектеп ашылатынын айт­ты.

па

«Жалпы, бұл ұлттық жоба Мем­лекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бақы­лауында және Президент биылғы Жолдауында орта білімнің сапасы табыс­ты ұлт болудың ма­ңызды шарты екенін, әрбір оқушының сапа­лы білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс екенін айтқан болатын. 2025 жылдың соңына дейін облыста сегіз мың оқушыға арналған 11 заманауи мектеп пайдалануға беріледі. Оның алтауы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде салынады. Бүгін Заречный ауылы­ның тұрғындары үшін 900 орын­­дық мемлекеттік тілде оқытатын жаңа мектеп есігін айқара ашып отыр. Қазірде аталған мектепке 500 астам бала қабылданды. Бұл мектепте жұмыс істейтін мұғалімдердің 60 пайыздан астамы жоғары білікті мамандар екенін де айта кеткен жөн», деді Ринат Зәкиұлы.

Жаңа мектеп материалдық-техникалық жабдықталуы жағы­нан өңірдің өзге мектептеріне үлгі болып келе жатқан Назарбаев зияткерлік мектебі мен «Білім-инновация» лицей-интернатынан кем түспейді. Ұлттық жоба­ға сәйкес заманауи форматта салынған үш қабатты ғима­рат бас­тауыш, орта және жоға­ры буын­дағы оқушылар жеке-жеке оқи­тын дербес үш блокқа бөлін­ген. Әр блоктың өз спорт залы бар. Мектепте 100-ден астам оқу кабинеті жұмыс істейді. Физика, химия, биология пәндері қаби­нет­терінің жеке зертханалары бар. Роботтехника кабинеттері мен компьютерлік сыныптарға, STEM-зертханаларға толықтай ең соң­ғы үлгідегі оқу құрылғылары орна­тылған. Оқу кабинеттерінің бәрі интер­активті тақтамен, шет тіл­дері каби­неттері лингафонмен жаб­дықталған.

Оқушылардың жан-жақты дамуына жол ашатын түрлі шеберханалар, әмбебап мәжіліс залы, кітапхана, үлкен оқу залы, оқушылар мен мұғалімдерге арналған коворкинг залдары, жылдамдығы жоғары интернет – осының бәрі жайлы мектепте оқушының сапалы білім алуына қажет дүниенің бәрі бар екенін аңғартып тұр. Жаңа мектеп мүмкіндігі шектеулі балалардың білім алуына да жайлы әрі қауіп­сіз: пандустар, тұтқалар, көру қабілеті нашар оқушыларға бағдар көрсететін белгілер, табло, көрсеткіштер бар.

Білім ошағында мұғалімдер мен техникалық қызметкерлерді қосқанда 100 адам жұмыс істейді.

«Бұрынырақта салынған мек­­тептерде мұндай мүмкін­дік болмады ғой. Біздің мектепте, мысалы, өзге білім ордаларында жоқ STEM лаборатория­сы, биотехнология зертханасы бар. Оқушыны былай қойып, мұғалімдердің өздері сабағымыз қызықты өтетін болды деп қуанып жатыр. Өйткені бізде мұғалімге де, оқушыға да керектің бәрі бар», дейді мектеп директоры Қарлығаш Алдамбергенова.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде тағы бес мектеп салынып жатыр. Оның екеуі – Қостанайда, қалғаны Арқалық, Рудный қалалары мен Әулиекөл ауылдарында.

 

Қостанай облысы