Ауа райының күрт суытып, бірнеше күн бойы аяздың беті қайтпауы Каспий теңізі бетінің қатып, мұз жамылуына соқтырды. Бұл суы тұзды және тұйық теңізде сирек кездесетін жағдай. Теңіз суының қатуына біріншіден, күннің бірте-бірте емес, күрт суытуы себеп болса, екіншіден, сол қарсаңда желдің болмай, теңізде толқындардың аласұрмай тыныш жатуы мүмкіндік берді, дейді мамандар. Сондай-ақ, мамандар мұндай жағдайдың Каспийде 5-7 жылда кездесетінін айтып отыр. Ақтау маңына келіп, тұрғындардың көз-қуанышына айналған аққулар қазір тамақтандыру тұрғысында көмекке мұқтаж емес.
– Негізінен аққулардың дені «Қазатомөнеркәсіп» ЖШС суынан пайда болған Қаракөл қаумалында болатындықтан, Ақтау маңындағы аққулардың да қиын жағдайда суы қатпайтын аталмыш мекенге ұшып кету мүмкіндігі бар. Оның үстіне мұз жамылған тек теңіздің жағалауы ғана, орта тұсы қатпаған күйінде, дейді Маңғыстау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Орынбасар Тоғжанов.
Гүлайым ШЫНТЕМІРҚЫЗЫ,
«Егемен Қазақстан».
Маңғыстау облысы.
Суреттерді түсірген
Талант ҚҰСАЙЫН.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше