Неміс саясаткерлерінің Парламент Мәжілісі Төрағасының орынбасары Д.Назарбаевамен кездесулері барысында айтқан пікірлері
Зингхаммер ЙОХАННЕС, Бундестаг Вице-президенті: – Қазақстанға елді табысты саяси және экономикалық жаңғырту тұрғысынан келсек, өңірдегі тұрақтылықтың тіні болып табылады. Мен ел басшылығы жүзеге асырып жатқан, қоғамды топтастыру мен конфессияаралық келісімді нығайтуға бағытталған ұлттық саясатты жоғары бағалаймын. Қазақстан – бір елде түрлі этностардың өкілдері түсіністік пен келісімде тұра алатынының жарқын мысалы. Манфред ГРУНД, Бундестаг депутаты, «ГФР-Орталық Азия» парламенттік тобының жетекшісі: – Қазіргі таңда Қазақстан мен Германия арасында тұрақты да өзара сенімге құрылған саяси үнқатысу бар. Қазақстан бүгінде салмақты да ұтымды ұлтаралық саясат жүргізіп келе жатса, бұл үдеріс ұлттық азшылықтар тарапынан кең қолдау тауып отыр. Бұл жерде Қазақстан мен Германия арасында «жанды көпір» қызметін атқарып келе жатқан неміс диаспорасының дамуына да үлкен қолдау көрсетіліп отырғанын атап көрсеткен жөн. Петер ТИЛС, Қазақстан – Германия Іскерлер кеңесінің төрағасы, Deutsche Bank-тің атқарушы директоры: – Немістің іскер топтары Қазақстан экономикасын индустрияландыру мен жаңғыртуға белсенді қатысуға ниетті екендіктерін қуаттап отыр. Өз басым да Қазақстан экономикасын жаңғыртуға ғана емес, Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге белсенді қатысуға дайын екенін білдіремін. Мұнда жетекші неміс технологияларын пайдалануға да әзірмін. Тағы бір атап көрсетерім, бүгінде көрмеге қатысуға қызығушылық танытып отырған компаниялардың тізімі белгілі. Михаэль ГЛОС, ГФР-дің бұрынғы экономика министрі: – Мен Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың елдің экономикасын дамыту мен халықтың әл-ауқатын арттыру жолында жүргізіп келе жатқан көреген саясатын жоғары бағалаймын. Қазақстан халықаралық аренада да табысты саясат жүргізіп келеді. Бұл өз кезегінде Астанаға өзінің табыстарымен шын мәнінде мақтануға құқық береді. Маркус ЭДЕРЕР, ГФР Сыртқы істер министрлігінің статс-хатшысы: – Қазақстан Германияның Орталық Азиядағы басты әріптесі болып табылады. Қазіргі күнге дейін екі ел арасында орнықты үнқатысу қалыптасып үлгерген. Бұл үнқатысу екіжақты сапарлар алмасулардың жиілігінен және белсенді экономикалық ынтымақтастықтан айқын көрінеді. Немістер Қазақстан мен оның Президентіне Украинадағы жанжалды реттеуге белсенді күш-жігер жұмсап келе жатқаны үшін де дән риза. Сәулебек БІРЖАН.Қарағанды облысында алты жасар бала мұзға батып кетті
Төтенше жағдай • Бүгін, 16:22
Анасы түрмедегі ұлына телефон кіргізбек болған
Қоғам • Бүгін, 15:45
Семейде 22 жастағы жігітті азаптап өлтірген күдікті 12 жылға сотталды
Қылмыс • Бүгін, 15:20
Қар, көктайғақ және тұман: Қазақстанда ауа райы күрт құбылуы мүмкін
Ауа райы • Бүгін, 14:52
Роза Рымбаева жаңа атаққа ие болды
Мәдениет • Бүгін, 14:10
Шымкентте екі қабатты мейрамхана өртке оранды
Шымкент • Бүгін, 13:33