Оқиға • 06 Қараша, 2024

Көлік ұрлап, қолға түсті

149 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері көлік ұрысын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Көлік ұрлап, қолға түсті

Фото: Polisia.kz

Тексеру барысында анықталғандай, жеке тасымалмен айналысатын 46 жастағы жүргізуші Атбасардан Астанаға екі жолаушыны ала кеткен. Жол бойында жолаушылардың бірі көлікті тоқтатуды сұраған,  жүргізушінің сыртқа шыққанын пайдаланып, бірден рөлге отырып көлікті айдап кеткен.

Polisia.kz-тің ақпаратынша сотқа дейінгі тергеу басталды, қажетті тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.