Ауа райы • 07 Қараша, 2024

Астана әкімдігі боранға байланысты мәлімдеме жасады

125 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімдігі қолайсыз ауа райының басталуына байланысты қалада атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады, - деп хабарлайды Egemen.kz.

Астана әкімдігі боранға байланысты мәлімдеме жасады

Фото: ашық дереккөз

Елордада коммуналдық қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«7 қарашада таңертең қала көшелерін қардан тазартуға 2000-нан аса жол жұмысшысы мен 750-ге жуық арнайы техника шықты. Бірінші кезекте орталық көшелерде, жолаушылар көлігі маршруттарында, аялдамалар мен тротуарларда тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

Қалада бірнеше жабдықталған қар полигондары бар. Онда самосвал техникасының нөмірлік белгілері оқу жүйесімен жабдықталған, бейнебақылау камералары орнатылған, жарықтандыру қосылған.

Елорда әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарынан жолдарда абай болуды, қауіпсіздік ережелерін сақтауды, дауылды ескерту болған жағдайда алыс сапарлардан бас тартуды сұрайды. Төтенше жағдай туындаған кезде «112» телефон нөміріне хабарласу қажет.