ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің арнайы жобасы аясында, Ақтөбе облысында дін істері басқармасының қолдауымен, бекітілген жоспар бойынша, 2024 жылдың 28 қазан – 1 қараша аралығында дін мәселелері бойынша республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының (бұдан әрі – РАТТ) мүшелері қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру және діни экстремизмнің алдын алу бағытында семинарлар мен әртүрлі форматтағы іс-шаралар өткізді.
Бұл іс-шараларға РАТТ мүшелері (теологтар, дінтанушылар) қатысты: Қожахметова Талшын Зарқымқызы – Астана қаласы, ЖШС «Дін мәселелерін зерттеу орталығының» теолог маманы; Малғараева Зәуре Боранқұлқызы – «Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы» КЕАҚ діни ахуалды талдау және мониторинг департаментінің директоры; Бисембаева Роза Бақытқызы – Ақтөбе облысы, «Ихсан» орталығы ҚБ исламтанушысы, теолог маманы; Шамшадинова Анар Амангелдіқызы – «AMANAT» партиясы, Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының орынбасары;
Іс-шараларды ұйымдастыру барысында, Ақтөбе қаласы, Қарғалы, Байғанин, Алға және Темір аудандарының мешіттегі әйел жамағатымен, жастармен, жергілікті тұрғындармен және т.б. «Зайырлы қоғам және мемлекет дамуының зайырлылық принциптері», «Мұсылман әйелдің зайырлы мемлекеттегі тұлғасы», «Рухани тәрбие және жастар», және т.б. тақырыптар аясында кездесулер өткізілді.