Ауа райы • 07 Қараша, 2024

Қарлы боран қаһарында: 3 күн бойы дауыл соғады

234 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Синоптиктер алдағы үш күнде Астана мен Алматы қалаларында ауа райы қандай болатынын айтты, деп хабарлайды Egemen.kz

Қарлы боран қаһарында: 3 күн бойы дауыл соғады

фото: gov.kz

Астана қаласының ауа райы болжамы

8 қарашада Астанада көшпелі бұлт шығады, түнде қар жауады, күндіз аздап қар жауады. Жел оңтүстік-батыстан 9-14, түнде екпіні секундына 15-20 метр болады. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 4-6 градус аяз.

9 қарашада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 2-4 градус аяз.

10 қарашада көшпелі бұлт шығады, кей жерлерде қар жауады, боран соғады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 9-14, екпіні секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде 1-3 градус аяз, күндіз 0 градус шамасында.

Алматыдағы ауа райы болжамы

8 қарашада Алматыда көшпелі бұлт шығады, түнде өткінші жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман түседі, күндіз өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2 градус аяз, күндіз 5-7 градус жылы.

9 қарашада көшпелі бұлт шығады, түнде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 6-8 градус жылы.

10 қарашада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан секундына 3-8 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 0-2, күндіз 8-10 градус жылы.