Әлем • 07 Қараша, 2024

Енді халық емімен айналысқандар айыппұл арқалайды

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев халық медицинасымен айналысатын тұлғаларға жауапкершілікті көздейтін заңға қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді халық емімен айналысқандар айыппұл арқалайды

Фото: inbusiness.kz

Заң бұзған жеке тұлғаларға 15-20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (440-587 доллар), ал қызмет өкілдеріне 20-25 АЕК (587-734 доллар) көлемінде айыппұл салынады.

Рұқсат етілмеген емдеу әдістерін қолданғаны, олар үшін материалдық құндылықтар немесе мүліктік пайда алғаны, сондай-ақ оларды насихаттағаны үшін 15-тен 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (440-587 АҚШ доллары) айыппұл салынады.

Жоғарыда аталған бұзушылықтар әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталанса, бұзушыға 20-дан 30 айлық есептік көрсеткіш көлемінде (587-881 АҚШ доллары) айыппұл салынады немесе 15 тәулікке қамауға алынады.