Білім • 07 Қараша, 2024

Оқушыларға арналған «Қауіпсіз интернет» республикалық байқауы басталды

146 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өркен» ҰҒПБМ мектеп оқушыларына арналған «Қауіпсіз интернет» республикалық байқауын жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқушыларға арналған «Қауіпсіз интернет» республикалық байқауы басталды

Фото:Оқу-ағарту министрлігі

Байқаудың мақсаты — балалар мен жасөспірімдердің интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, онлайн-қатерлерден қорғау және сауаттылықты арттыру.
«Байқау оқушыларға интернетті қауіпсіз пайдаланудың негізгі ережелерін көрсететін бейнероликтер жасау арқылы өздерінің шығармашылық қабілеттерін көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл бейнематериалдарда жеке деректерді қорғау бойынша кеңестер, кибербуллингтің алдын алу әдістері, сондай-ақ онлайн-контентке аналитикалық және сыни көзқарастың болу
 

Айта кетейік, байқауға өтінімдер мен бейнероликтер осы жылдың 25 қарашасына дейін қабылданады.

Байқау аяқталғаннан кейін қатысушылардың жұмыстарын сараптама комиссиясы бағалайды. Байқау жеңімпаздары желтоқсан айында жарияланады және интернетке қауіпсіз орта қалыптастыруға қосқан үлестерін растайтын дипломдармен марапатталады.

«Өркен» ҰҒПБМ сайтынан (https://orken-instituty.kz/ru/pedagogam/konkursy) байқаудың толық ережелерімен танысып, өтінім беру үшін қосымша ақпарат алуға болады.