30 Қаңтар, 2015

Әрқайсымыз үлес қоссақ, алынбайтын асу жоқ

321 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясының студенті Рахат-Би Әбдісағыннан хат келді, деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Автор өз хатында классикалық музыкамен кәсіби тұрғыда айналысатынын және осы 16 жасына дейін бірқатар шығармалардың авторлық құқығына ие болғанын айтады. Р.Әбдісағын Отанына деген махаббатын фортепиано мен симфониялық оркестрге арналған «Қазақ рапсодиясы» атты музыкалық туындысы арқылы жеткізген. «Онда менің заманауи Қазақстанды қалай қабылдайтыным, оның қарқынды дамуын сезінуім көрініс тапқан. Мен өз сезімдерімді әркімге түсінікті дыбыстық музыкалық белгілер арқылы беруге тырыстым», – деп жазады консерватория студенті. Автор қазіргі уақытта әлемнің түрлі халықтары дәстүрлерінің белсенді түрде кірігу үрдісі байқалып отырғанына тоқталады. «Әлемдік мәдениетте өзгелердің арасында біздің еліміздің, біздің халқымыздың мәдениетінің ең жақсы қырлары айқын көрінгені өте маңызды!», – делінген хатта. Сондай-ақ, елдің тағдыры оның көшбасшысының тағдырымен тікелей байланысты екені де айтылған. «Біздің әрқайсымыз, Қазақстан азаматтары, Мемлекет басшысы жариялаған бағдарламаны дамыта отырып, өзіміз белсене араласатын салада қомақты үлес қосуға тиіспіз», – деп жазады хат иесі. Соңында Р.Әбдісағын Мемлекет басшысы жариялаған «Қазақстан-2050» Стратегиясы елдің барша азаматтарының атсалысуымен табысты жүзеге асырылатынына сенім білдірген.