Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес ұйымдастырылған бұл іс-шараға 2000-нан астам адам қатысты. Олардың қатарында орман шаруашылығы қызметкерлері, белсенді жастар, жергілікті тұрғындар, мектеп оқушылары мен колледж студенттері болды.
Алматы облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының бастамасымен «Бақанас орман шаруашылығы» мекемесінің аумағында қара сексеуіл ағашының 2000 кило тұқымы жиналды. Сонымен қатар апталық аясында облыс көлемінде орналасқан орман шаруашылығы мекемелері мен аудан тұрғындары, белсенді жастар, мектеп оқушыларының атсалысуымен жиде, шренк шыршасы, қайың ағаштарының 350 килоға жуық тұқымы жиналды.
Акция табиғи ресурстарды қорғауға, экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған. Іс-шара нәтижелері экологиялық мәдениетті қалыптастыруға оң әсерін тигізетіні сөзсіз.
Алматы облысы