Айбын • 08 Қараша, 2024

Патриоттар даярлайтын орда

48 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанадағы Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, армия генералы Саға­дат Нұрмағамбетов атындағы әс­ке­ри колледждің құрылғанына 25 жыл то­­луы­на орай іс-шара өтті. Әскери оқу­ орнының тәрбиеленушілері мен педа­гог­терін құттықтауға Қорғаныс ми­нистрлігінің, ведомствоның құрылым­дық бөлімшелерінің, әскери прокуратура­ның,­ әскери оқу орындарының өкілдері келді.

Патриоттар даярлайтын орда

Іс-шара еліміздің бірінші Қорғаныс министрі Сағадат Нұрма­ғам­­бетовтің бюстіне гүл шоқтарын қойып, батырды бір минут үнсіз­дік­пен еске алуы­мен басталды. Халық қа­һарманы, отставкадағы ге­нерал-лей­тенант Бақытжан Ертаев жиынды ашып, осы жылдар ішінде 1 700-ден аса түлек шыққан білім ор­дасының құрылу тарихы туралы айтты.

Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев әскери колледж ел Қарулы күштерінің кіші буын командирлерін даярлаудың негізгі ордасы деп атап өтті.

«Бөлімшелердегі әскери тәртіп­тің жағдайы, жауынгерлік дағды­лар мен жеке құрамның мораль­дық-жауынгерлік рухы сержант­тардың кәсібилігіне байланысты. Колледж қабырғасында алған са­палы білім мен саналы тәрбие – түлектері­міздің сенімді болашағының бастауы», деді ол.

Атаулы күнге орай генерал-майор Шайх-Хасан Жазықбаев әскери колледж бастығы полковник Ғазиз Төлеушевке Қорғаныс министрінің аты­нан Алғысхат табыс етті.

Колледж ұжымы мен оның түлектерін 25 жылдығымен Қарулы күш­тердің ардагерлері отставкадағы генерал-майор Әлихан Жарболов пен отставкадағы генерал-лейтенант Абай Тасбо­латов та құттықтады. Өз ке­зегінде «Қарулы күш­те­р­дің ардагер­лері» РҚБ төрағасының орын­ба­­сары, отставкадағы генерал-майор Марат На­ғұ­манов колледж оқытушылары майор Бақбер­ген Серік­баев пен Күнсай Нұрғалиеваға «Сағадат Нұрмағамбетовке 100 жыл» медалін табыс етті.

Әскери оқу орнының алғаш­қы түлектерінің бірі, Әскери-әуе күш­те­рі қолбасшысы басқармасының аға офицері, подполковник Алмат Ақыш «Жас ұлан» республикалық мектебіне 1999 жылы түскенін жеткізді.

«Мұнда өткізген жылдарды әр­дайым ерекше сағынышпен еске аламын. Бірінші кезекте тәр­тіпке үйрендік. Отан алдындағы борышқа берік болу және патриоттық дегеннің не екенін білдік. Менің түсінігімдегі патриотизм – тек жарғы, марш және сапта тұру ғана емес, бұл өз еліңнің алдындағы жауапкершілік сезімі, өз үйіңді қорғауға дайын болу. Әскери білім маған үлкен өмірге жолдама берді. Бұл үшін мен педагогтер ұжымына алғысымды білдіремін», деді А.Ақыш.

Айта кетсек, колледжді бітірген түлектер бірден әскери қызметке жіберіледі. Арасында оқуды жалғас­ты­руға шешім қабылдағандар да бар. Биыл колледжді 82 курсант бітірді.

Іс-шара Ұлттық әскери-патриот­тық орталы­ғы­ның шығармашылық ұжымы дайында­ған мерекелік кон­цертпен аяқталды. Естері­ңіз­ге сала кетсек, армия­ генералы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы әске­ри колледж 2021 жылы Астанада «Жас ұлан» рес­публикалық мектебінің базасында құрылған. Оған біртуар тұлға Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі 1999 жылы берілген.