30 Қаңтар, 2015

Көп кітап сыйлады

1 мин
оқу үшін
Кітапхана – ұлттық құндылықтарды жастарға жеткізе дәріптейтін орын. Өңірдегі мәдени жұмыстардың ұйытқысы болып жүрген аудан әкімі Қанатбек Мәдібектің қол­дауы арқасында кітапханалардың материалдық-техникалық базасы едәуір нығайды. Тек өткен жылдың өзінде 4 кітапхана ғимараты ағымдағы жөндеуден өткізілді. Аудандағы 26 кітапхана түгел компьютер жинақ­тары­мен қамтамасыз етілді және ғаламтор желісіне қосылды. Аудандық кітапхана КАБИС, ал ауылдық кітап­ханалар РАБИС бағдарламасымен жұмыс атқаруға қол жеткізді. Және кітапхана жүйесінің жеке сайты ашылды. Электронды жарнамалық құрылғы орнатылды. Кітап сатып алуға бөлінетін қаржы жылдан-жылға көбейіп  келеді. Үстіміздегі жылы зағип жандарға кітапханалық қызмет көрсететін бөлім ашу көзделуде. Өткен жылы «Кітапханаға кітап сыйлайық» атты атты акция өтіп, іс-шара барысында 903 дана кітап аудандық кітапханаға тап­сы­рылды. Аудан әкімі Қ. Мәдібек өткен жылғы акцияда 145 дана кітап тап­сырса, биылғы жылдың басында Сарысу аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне жерлесіміз, ауда­нымыздың ардақты азаматы Асанәлі Әшімовтің 300 дана фотоальбомын,  Шона Смаханұлының 72 дана кітабын, Маралтай Райымбекұлының 89 дана «Қаратау хазалдары», Сәулембай Әбсады­құлының жерлесіміз, атақты бокс шебері Серік Өмірбеков жайлы 22 дана «Серік – қазақтың батыры» атты кітаптарын сыйға беріп, 22 ауылдық кітапханаға таратылды. Барлығы 600 дана кітап оқырмандарға жол тартты. Светлана ҚОЖАНАЗАРОВА, аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры. Жамбыл облысы, Сарысу ауданы.
Соңғы жаңалықтар

Болған ана шапаны

Руханият • Кеше