Telegram-дағы Polisia.kz арнасының мәліметінше, 9 қарашада облыстағы аэродром аумағында оқу-жаттығуы кезінде МИ-8 тікұшағы қатты қарқынмен қонып, кейін оның багы өртенген.
Салдарынан бір адам қаза тауып, 2 адам Ақтөбедегі ауруханаға жеткізілді.
«Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиға орнында тергеу органдары жұмыс істеп жатыр», деп хабарлады ІІМ ӘТД Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы.