Спорт • 10 Қараша, 2024

Тарихи жеңіс: Мөлдір Әшірбекова – ММА чемпионы атанған алғашқы қазақ қызы

135 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аралас жекпе-жек шебері Мөлдір Әшірбекова тарихи жеңісті қанжығалады, деп жазады Egemen.kz.

Тарихи жеңіс: Мөлдір Әшірбекова – ММА чемпионы атанған алғашқы қазақ қызы

Қазақ қызы MMA IMMAF бойынша елімізден шыққан тұңғыш чемпион атанды. Аралас жекпе-жектен әлем чемпионаты Халықаралық аралас жекпе-жек федерациясының ұйымдастыруымен (IMMAF) Ташкентте (Өзбекстан) өтті. Спортшы қыз 74,8 келі салмақта өнер көрсетіп, алтын медаль жеңіп алды.

Ширек финалда жерлесіміз анголалық Эсперанса Чилалды 17:5 есебімен жеңіп, жартылай финалда тағы бір анголалық Джорджина Людмиладан басым түсті (11:1). Ал финалдық айқаста мексикалық Мелисса Диас Мединамен кездесіп, қарсыласын тас-талқан етіп ұтты, есеп – 13:1.

«Мөлдір – Қазақстан тарихындағы тұңғыш чемпион. Тарихи жеңіс», деп жазды Қазақстанның аралас жекпе-жек федерациясының баспасөз қызметі.

Ташкенттегі турнир 4-10 қараша аралығында өтіп жатыр. Мөлдір Әшірбековадан бөлек қазақстандық Ерұлан Қабдолов (52,2 келі) та чемпион атанса, тағы алты спортшымыз күміс және қола медаль еншіледі.