Фото: Астана әкімдігі
1300-ден астам арнайы техника мен 2400-ден астам жол жұмысшы күндізгі ауысымда көшелерді қардан тазартуға шыққан.
Ең алдымен, ереже бойынша, жолдарда кептеліс болмас үшін қозғалысы қарқынды тұстар тазартылады. Сондай-ақ орташа қарқындылығы бар учаскелер – алаңдар, вокзал маңы, тротуарлар, әлеуметтік нысандарға кірме жолдар және т.б. қардан тазартылады.
Астанада бір апта ішінде 57 мың текше метрден астам қар шығарылды, бұл 4595 жүк рейсін құрайды.
«Қазгидромет» РМК деректері бойынша, Астанада 11 қарашада көшпелі бұлт, кейде қар, боран болады. Оңтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы – 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде және күндіз 2-4 аяз, күндіз одан әрі төмендейді.