Қоғам • 11 Қараша, 2024

Еліміздегі орташа айлық жалақы 390 мың теңге – Ұлттық статбюро

111 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ұлттық статистика бюросы елдегі «қызметкерлердің саны және жалақысы» туралы мәліметтерді жаңартты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еліміздегі орташа айлық жалақы 390 мың теңге – Ұлттық статбюро

Фото: pixabau.com

«2024 жылғы III тоқсанда Қазақстан Республикасы көлемінде айлық жалақының орташа мәні 2023 жылғы тиісті тоқсанға қарағанда 11,3%-ға өсіп, 390 328 теңгені құрады. Қазақстан Республикасындағы жалақының медианалық мәні бағалау бойынша 2024 жылдың III тоқсанында 269 378 теңгені құрады», делінген хабарламада.

Бюро таратқан мәліметте өткен тоқсанмен салыстырғанда айлық жалақының орташа мәні 3,2%-ға төмендеген, нақты жалақы индексі 95,3% құраған.

«2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсуі ақпарат және байланыс ( 28,1 есе), қаржы және сақтандыру қызметі (24,3%-ға), жылжымайтын мүлікпен операциялар ( 18,7%-ға), өнер, ойын-сауық және демалыс (18,0%-ға), салаларында байқалды. Өнеркәсіпте орташа айлық жалақы 13,8%-ға, оның ішінде электр энергиясымен, газбен, бумен, ыстық сумен және ауаны кондициялаумен жабдықтау саласында  20,6%-ға, сумен жабдықтау, су бұру, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, ластануды жою бойынша қызмет саласында  18,3%-ға өсті» делінген хабарламада.

2023 жылдың тиісті тоқсанымен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең төменгі өсуі, мемлекеттік басқару және қорғаныс,  міндетті әлеуметтік қамсыздандыру және құрылыс салаларында байқалған. Салалық құрылымда ең жоғары атаулы жалақы тау-кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 2,2 есе, қаржы және сақтандыру қызметінде  2,1 есе, кәсіби, ғылыми және техникалық қызметінде  тиісінше 1,5 есе, көлік және жинақтауда 1,4 есе жоғары болып тіркелген.