30 Қаңтар, 2015

Атырауда 17 мың заң бұзушылық анықталды

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
IMG_6828АТЫРАУ. 30 қаңтар. Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық саласында 17 мың заң бұзушылық анықталып, прокурорлар пәрменімен оларды жою шаралары алынды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Ел заңдарының сақталуын қадағалаушы прокурорлардың ықпал етуімен 2500-ге жуық тұлға әр түрлі жауапкершілікке тартылыпты. «Заң бұзушылықтарға байланысты 41 қылмыстық іс қозғалып, 901 заңсыз құқықтық актінің күші жойылды», деп мәлім етті облыс прокуроры Ғалымжан Тоғызбаев. Сонымен бірге, прокуроратура қызметкерлері 62 мыңнан астам азаматтың, оның ішінде 8 мыңға жуық жасы кәмелетке толмағандардың конституциялық құқығының қорғалып, қалпына келтірілуіне ықпал етті. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: Атырау облыстық прокуроратурасы. Сурет: Рахым Қойлыбаев. IMG_6833
Соңғы жаңалықтар

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28

21 шетелдік байқаушы аккредиттелді

Референдум • Бүгін, 08:17

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:15