ПЕТРОПАВЛ. 30 қаңтар. Солтүстік Қазақстан облысында сот үкімімен бұрынғы екі полиция қызметкері 8 жылға абақтыға жабылды. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
Сотталушылар іздеуде жүрген жеңіл көліктерді ел аумағы арқылы заңсыз алып өтуге жәрдемдескен, ұлттық қауіпсіздік департаменті өкіліне пара бермек болған. Мамлют аудандық ішкі істер бөлімі бастығының орынбасары Қ.Бекенов Қырғызстан азаматының ұрланған көліктерді Бішкек қаласына тасымалдап жүргенін анықтап, алым талап ету әрекетіне кіріседі. Арам ойын облыстық ішкі істер департаменті басқармасының жедел уәкілі М.Мұхамеджановпен бірге жүзеге асырып, қырғызстандықтан пара алып отырған. Ол үшін «Жаңажол» көліктік бақылау бекетінен қымбат көліктерді еш кедергісіз өткізіп, шетелдік валютамен есеп айырысқан.
Қырғызстан азаматы жымысқы әрекеттері әшкереленгеннен кейін тағы да екеуінің «көмегіне» жүгінеді. Олар тәркіленген көліктерді қайтару мақсатымен ұлттық қауіпсіздік департаментінің қызметкерлеріне 10 мың доллар пара ұсынған.
Өмір Есқали.
Дерек: Солтүстік Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сурет: egemen.kz.

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше