АСТАНА. 30 қаңтар. Татарстанда бүгін мыңдаған мұсылман жамағаты француздың Charlie Hebdo сатиралық апталығында жарияланған Мұхаммед пайғамбарға салынған карикатураларға қарсылық белгісі ретінде жаппай шеруге шығады. Бұл туралы ТАСС хабарлады.
Татарстан мұсылман діни басқармасының баспасөз хатшысы Ахмад Халиков агенттік тілшісіне берген мәліметінде «Мен пайғамбарды жақсы көремін» деген ұранмен өтетін акцияның әлемдегі исламофобияға, карикатураларға қарсы жасалатын бейбіт қозғалыс болатынын айтты. «Біз Мұхаммед ғалайс-саламға құрметіміз бен сүйіспеншілігімізді білідре отырып, жұртты қандай дінді ұстанатындығына қарамастан, өзгелердің діни сенімдерін сыйлауға шақырамыз», - деді ол.
Халиковтің айтуынша, 30 қаңтар күні Татарстандағы барлық мешіттерде өтетін жұма намазынан кейін мұсылмандарға пайғамбардың өмірі мен ісі жөнінде уағыз айтылады. Мешіттердің алдында «Мен пайғамбарды жақсы көремін» деген ұран татар, орыс және араб тілдерінде жазылып тұрады. Бұлардың жандарында шағын жалаулар болады.
«Татарстанда қазір 1,5 мың мешіт бар. Біз осылардың кем дегенде үштен бірін қамтимыз. Олар қалалар мен аудандар орталықтында орын тепкен. Бұл храмдарға мыңдаған адамдар барады», - деді Халиков.
Бұдан бұрын мұндай акциялар Дағыстанда, Ингушетияда және Грозныйда өтіп еді. Шешенстан астанасында шараға 1,5 млн.-ға жуық адам қатысты.
Мұрат Айтқожа.
Дерек, фото: ТАСС.