Осы жылы қазан айының 1-2 күндері Петропавл қаласындағы Сәбит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап кітапханасының мәжіліс залында Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Шараға «Дін зерттеу орталығының», мешіттердің, орта және жоғары оқу орындарының және т.б мамандары, имамдары, психологтары теологтары қатысты.
Жиында шешендік өнер және коммуникациялар бойынша жаттықтырушы және сарапшы Толкын Аманбек «Ораторское мастерство: как говорить уверенно и убедительно» тақырыбында сөйлеу техникасының меңгерудің тиімді жолдарын атап өтіп, дұрыс диалог құруды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуына септігін тигізетін тәсілдермен бөлісті.
Сонымен қатар психолог Шакимова Лола Сергеевна «Психология деструктивных личностей, уязвимых к вербовке со стороны лидеров ДРТ» тақырыбымен қатысушыларға жастар арасындағы тәуекел топтарын анықтау үшін профайлинг техникасын, яғни, қылмыс жасауға дайын тұрған тұлғаның сыртқы келбетіне, мимикасына, жүріс-тұрысына қарап қалай анықтауға болатынын түсіндірді.
Аталған іс-шаралар барысында қатысушылардың қойған сұрақтарына дәріскерлер тарапынан тұщымды жауаптар берілді.