Саяси қарсыластар алау оттың жанында емен-жарқын сөйлесіп, қол алысқан. Қос саясаткер билікті еш кедергісіз алмасуға уағдаласты. 2020 жылғы сайлауда Байден Трамптан басым түсті. Бірақ биыл 6 қарашада өткен додада 78 жастағы республикалық Трамп қайта сайланды. Ол 81 жастағы демократ Байден өз орнына ұсынған вице-президент Камала Харристі жеңген болатын.
«Көп рақмет. Саясат өте қатал. Бірақ қазіргі жағдай жақсы болып тұр. Билікті беру үдерісі кедергісіз жүріп жатыр. Мен мұны өте бағалаймын, Джо!», деді Дональд Трамп.