Оқиға • 14 Қараша, 2024

Жаркентте әскери қызметкер көз жұмды

154 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жетісу облысындағы Жаркент гарнизонында қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан әскери бөлімнің офицері көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz

Жаркентте әскери қызметкер көз жұмды

Бұл ақпаратты Қазақстан Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі растады. Қайғылы оқиға бүгін, 14 қарашада болған.

«Диверсияға қарсы қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақ өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын бұзу салдарынан Жаркент гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің офицері алған жарақатынан қайтыс болды. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», делінген хабарламада.

Құрлық әскерлерінің қолбасшылығы марқұмның туыстары мен жақындарына көңіл айтты. Офицердің отбасына барлық қажетті көмек көрсетіледі.

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35