30 Қаңтар, 2015

Қырғызстанда француз тауарларына бойкот жариялау басталды

199 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30-01-15-prorok-5

АСТАНА. 30 қаңтар. Кеше Қырғызстанның оңтүстігінде француз тауарларына бойкот жариялау акциясы басталды. Бұл туралы Interfax хабарлады. «Қырғыз мұсылмандары Charlie Hebdo журналының Мұхаммед пайғамбарға карикатура салып, келемеждегені үшін тұрғындарды француз тауарларын сатып алмауға шақырды», - деп жазады агенттік. Қазір Қырғызстанның Ош облысында пайғамбарға тағзым ету апталығы жүріп жатыр. Мұхаммед ғалейс-саламның өмір жолы мен өсиеттері туралы Ош облысы Қарасу ауданының бас имамы Суйун-қажы Калыков барлық мешіттерде айтып береді. Облыстың Ноокат ауданында «Мен пайғамбарды жақсы көремін» деген ұранмен шерулер өткізу қолға алынды. Оған қатысушылар жергілікті тұрғындарды француз заттарын сатып алмауға үгіттейді. Сонымен бірге, орталық базарда белсенділер француз иіссуларынан бас тарту акциясын бастап кетті. Оштың орталық базары Қырғызстанның оңтүстігіндегі ең үлкен сауда орталығы болып табылады. Соған қарамастан, мұнда француз тауарларынан тек иіссулар ғана бар екен. Мұрат Айтқожа. Дерек, фото: Interfax.