30 Қаңтар, 2015

Лозанна соты Мухановтың заңсыз қуылғанын анықтады

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29-01-15-mukanov-1

АСТАНА. 30 қаңтар. Лозаннаның халықаралық спорт соты футбол маманы Владимир Мухановтың «Ақтөбе» командасы бас жаттықтырушылығы лауазымынан заңсыз қуылғанын анықтады. Бұл туралы Fanatik.kz порталы хабарлады. «Лозанна арбитражды соты 2012 жылы Ресей маманы Владимир Мухановтың «Ақтөбе» футбол клубынан заңсыз қуылғанын мойындады», делінген Legal Sport заңгерлер компаниясының жаттықтырушы мүддесін қорғаушы қызметкері Михаил Прокопецтің дерегіне сілтеме жасалған хабарламада. Осылай «Ақтөбе» клубы жаттықтырушыға 2012 жылғы жалақасын пайыздық өсімімен қосып төлейді. «Спорт сотында барлық материалдар зерттелді, тараптардың бәрі тыңдалды, - деді заңгер Прокопец осыған орай. – Мәселен, «Ақтөбе» басшылары өздерінің түсіндірмелерін бейне-мәслихат түрінде берді. Іс жан-жақты қаралып, жаңа шешім шығарылды. Ол бойынша клуб жаттықтырушыға 2012 жылғы жалақысын түгел төлеп қана қоймайды, сонымен бірге заңгерлерді жалдаған, сотқа жұмсалған шығындарын төлеуді мойнына алады. Соттың шешімін орындау үшін «Ақтөбеге» айтарлықтай қомақты ақа шығаруға тура келеді». Дамир Қожамқұл. Дерек: Fanatik.kz. Фото: vesti.kz.