ӨСКЕМЕН. 30 қаңтар. 2012-2014 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысында 71 білім беру нысаны іске қосылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Облыстық білім басқармасының басшысы Асқар Нұрғазиев алқа отырысында соңғы екі жылда білім нысандарының құрылысына 25 млрд. теңге бағытталғанын, өткен жылдың өзінде 11,2 млрд. теңге бөлінгенін атап өтті.
«Осылайша, 2012-2014 жылдары Шығыс өңірінде 43 мектеп, 9 балабақша, 8 жанама құрылыс және 10 қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді», – деді білім басқармасының жетекшісі.
Сондай-ақ А.Нұрғазиев өңірдің ҰБТ көрсеткіштері бойынша қол жеткізген жетістіктерін атап өтті. Оның айтуынша, былтыр облыс республикалық рейтингте 13-орыннан 8-орынға көтерілген. Алдыңғы оқу жылымен салыстырғанда орташа балл көлемі 5,64 пайызға өсіп өсіп, 78,04 балды құрады. Одан өзге, алты мектеп «Республикадағы үздік 100 мектеп» рейтингіне енді.
Аталған жиынға облыс әкімінің орынбасары Жақсылық Омар, білім саласының ардагер ұстаздары, білім басқармасының қоғамдық кеңес мүшелері, жоғары оқу орындарының ректорлары, білім бөлімдерінің басшылары және басқа да орта техникалық және кәсіптік білім беру жүйесі ұйымдарының жетекшілері қатысты.
Думан Анаш.
Дерек: egemen.kz
Сурет: Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы.
• 30 Қаңтар, 2015
Шығыс өңірінде соңғы екі жылда 71 білім мекемесі пайдалануға берілді

Эболамен күреске 518 млн доллар бөлінді
Әлем • Кеше
Руханият • Кеше
Қызылордадағы Президент саябағы аумағынан Ботаникалық бақ ашылды
Аймақтар • Кеше
Қоғам • Кеше
Білімдегі бетбұрыс: ЖИ нені өзгертеді?
Білім • Кеше
ЖОМС: Жұмыскерді қорғаудың маңызды тетігі
Қоғам • Кеше
Май экспортынан түскен пайда рекордтық деңгейге жетті
Экспорт • Кеше
Әлихан ауылына баратын жол жөнделетін болды
Аймақтар • Кеше
Екібастұзда деректер орталығы салына бастады
Аймақтар • Кеше