Ұлттық экономика министрлігінің мәлімдеуінше, Қазақстанның рейтингін қолдайтын негізгі факторлардың қатарында – рейтингі ұқсас елдер арасындағы орташа көрсеткіштен едәуір асатын және елдің қаржылық икемділігін қамтамасыз ететін қуатты сыртқы буферлер қалып отыр.
«Ұлттық қордың валюталық активтері мен ресми алтын-валюта резервтері ІЖӨ-нің 38% баламасына жетті, бұған инвестициялардың 8,4% деңгейіндегі кірістілігі және алтын бағасының өсуі ықпал етті», деп жазылған министрлік мәлімдемесінде.
Сарапшылар мұнай саласына тәуелділікті біртіндеп азайтуға ықпал ететін көлік және жаңартылатын энергия сынды секторларды дамыту бойынша жасалып жатқан қадамдарын айтқан.
Бұған қоса, Агенттік кеңауқымды қайталама санкциялар салудың салыстырмалы түрде төмен тәуекелдерін атап өткен.