Аймақтар • 17 Қараша, 2024

Семейде ата-анасы үйге қамап кеткен балалар құтқарылды

177 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Абай облысының құтқарушылары балаларға көмекке келді, деп хабарлайды Egemen.kz Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Семейде ата-анасы үйге қамап кеткен балалар құтқарылды

Оқиға Семей қаласындағы көпқабатты үйлердің бірінде орын алды. Балалар ересектердің қарауынсыз қалып, жабылып қалған есік салдарынан пәтерде қамалып қалған.

- Шақыру орнына ТЖМ құтқарушылары жедел жетіп, аспалы құралдардың көмегімен есікті ашты, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Балаларды жалғыз қалдырмаңыз, бірнеше минут баланың өміріне үлкен қауіп төндіруі мүмкін.