«Шығыс Жылу» АҚ мамандары ақау орнын анықтап, қалпына келтіру жұмыстарын бастады. Оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды.
Мамандар мен техника жұмыс істеп жатыр, ақау шыққан орынды анықтауда қиындықтар болды. Жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жылу беріледі.
«Түсіністік танытқаны үшін тұрғындарға алғыс айтып, сабыр сақтауды сұраймыз. Жағдай жергілікті атқарушы органдардың бақылауында», деді ШҚО әкімінің орынбасары Бақытжан Байахметов.