Қоғам • Бүгін, 13:01

21 қараша күні елімізде теледидар мен радио жұмысын уақытша тоқтатады

32 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда 21 қарашада жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты телевизия мен радио уақытша өшіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазтелерадио» АҚ-ға сілтеме жасап.

21 қараша күні елімізде теледидар мен радио жұмысын уақытша тоқтатады

фото: gov.kz

«Қазтелерадио» АҚ телерадио хабарларын таратудың үздіксіз әрі сапалы болуын қамтамасыз ету мақсатында тоқсан сайын жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

21 қарашада сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Осыған байланысты, яғни жұмыстар жүргізілген кезде Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.