Спорт • Бүгін, 17:10

Өткен аптадағы ел спортшыларының жеңісі

14 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігінің шолу ақпараты жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Өткен аптадағы ел спортшыларының жеңісі

Конькимен жүгіру: Жапонияның Хатинохе қаласында өткен төрт құрлық чемпионатында Қазақстан спортшылары 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медальдерді жеңіп алды.

Мәнерлеп сырғанау: Challenger Series санатына кіретін Tallinn Trophy 2024 (Эстония) халықаралық турнирінде Ұлттық құрама спортшысы Софья Самоделкина қос бағдарлама қорытындысы бойынша 173,25 ұпай жинап, күміс жүлдегер атанды.

Каратэ: Ресейдің бас қаласы Мәскеудегі WKF каратэден Moscow Karate Universe-2024 халықаралық жарысында Қазақстан спортшылар 3 алтын, 2 күміс, 3 қола медальдерді иеленді.

Фристайл-могул: Аустрияның Хинтертукс тау шаңғы курортында ұйымдастырылған фристайл-могулдан халықаралық турнирде Қазақстан құрамасының спортшылары ел қоржынына 4 алтын, 1 күміс, 1 қола медальдерді салды.

Бадминтон: Zambia International Challenge 2024 (Замбия) халықаралық турнирінің жекелей сынында Дмитрий Панарин үздік шықты. Ол 2022 жылы да осы турнирдің жекелей сынында чемпион атанған.

Теннис: Билли Джин Кинг кубогі шеңберінде Қазақстан қыздар құрамасы Астана қаласында Корея спортшыларын 3:1 көрсеткішімен ұтты. Осылайша, келесі жылы сәуір айында өтетін турнирдің іріктеу кезеңіне жолдама алды.

Үстел теннисі: Алан Құрманғалиев Италияның Линьяно қаласында өтіп жатқан WTT Youth Contender турнирінің қола жүлдегері атанды.