Фото: Orda.kz
Үй тұрғындарының айтуынша, шамамен 11-12 жас шамасындағы бала кеше кешке үйдің подъезіне кіріп, таңертең үйдің жоғарғы қабатынан секіріп кеткен.
Алматы полиция департаменті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
«Оқиғаның себебі мен мән-жайы анықталып жатыр», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Алдын ала мәлімет бойынша, қайтыс болған бала 2009 жылы туған.